ЕЛОРДАМЫЗДА БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВПЕН «ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ» ӨТКІЗІЛДІ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті қазақ ақыны, жазушы, драматург, ақын-импровизатор, жыршы-жырау, манасшы, сатирик, әдебиеттанушы, режиссер, сценарист, киноактер, журналист, кинодокументалист, тележүргізуші, балалар ақыны және балалар жазушысы Баянғали Әлімжановпен кезекті онлайн «Парасаттылық сағатын» өткізді. Баянғали Әлімжанов — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстанның «Достық» орденінің кавалері, Манас батыр туралы қырғыз эпосының Қазақстандағы жалғыз манасшысы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 50-ден астам кітаптың авторы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері өмір бойы өзінің бар күш-жігерін Қазақстанның рухани мәдениетін дамыту мен қалыптастыруға жұмсады. Ақын театр, кино, өлең және поэзия арқылы өскелең жастарға жоғары адамгершілік қасиеттер қалыптастыруға және оларды парасаттылық, адалдық және әділеттілік жолына бағыттауға болады деп санайды. Сұхбат барысында Баянғали Әлімжанов отбасы құндылықтары, бірлік және өзара құрмет тақырыбында өз ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды. Жазушы атап өткендей: «Адалдық пен әділеттілік -бізді алға жетелейтін басты қасиеттер. Бірақ адам адалдық пен әділеттілік сезімін жоғалтқан жағдайда, бұл адамзат өмірінде соғыстар мен зорлық-зомбылықты тудырды». Ақын қазіргі жастардың ежелгі ақындардың әдебиетін оқуға деген сүйіспеншілігін ояту қажеттілігіне ерекше назар аударды, өйткені олардың өлеңдері мен әңгімелерінен рухани дамудың қайнар көзін табуға болады. Бүгінгі күні Баянғали Әлімжанов — көпшілік үшін үлгі. Әр кездесуде ол жастарды алға қойған мақсаттарына жету жолында аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. «Парасаттылық сағаты» акциясы аясында Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып, жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету жалғастырылатын болады.
БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВПЕН «ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ»

Практика — важный шаг к профессиональному будущему студентов KILC
15 сентября, 2026
С 1 сентября по 6 ноября 2026 года студенты 1 потока колледжа KILC, обучающиеся по специальности «Переводческое дело», отправятся на производственную практику. Практика является важной частью образовательного процесса, ведь именно

Первый курс без стресса: кто поможет адаптироваться в колледже?
24 августа, 2026
Первые дни в колледже — это всегда новые знакомства, другое расписание, новые требования и первые шаги к будущей профессии. Для многих первокурсников этот период становится временем больших перемен, поэтому чувство

7 причин, почему студенты KILC выбирают обучение за рубежом
27 июля, 2026
С каждым годом всё больше студентов KILC рассматривают возможность продолжения образования в зарубежных университетах. Международное обучение становится не только способом получить качественное образование, но и возможностью развить языковые навыки, приобрести