Колледжімізде наурыз мерекесіне орай 18.03.24 ж. «Қош келдің Әз- наурыз» атты 1 курс студенттері арасында мерекелік іс-шара өтті.
Шара байқау негізінде ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты — ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүрімізді дәріптеу. 1 курс суденттері арасынан 6 топ іріктеп алынды. Байқау 3-кезеңнен тұрды.
1-кезең – «Салт-дәстүр». Бұл кезең студенттерге үй жұмысы ретінде берілді, әр топ бір салт-дәстүр бойынша көрініс дайындап келді.
2-кезең – «Ән шашу». Әр топ мерекелік немесе халық әнін жанды дауыста орындады.
3-кезең – «Ұлттық тағам». Әр топ 1-2 қазақтың ұлттық тағамын алып келіп, сол тағамның құндылығы мен құнары жайлы әділ-қазылар алқасына түсіндіріп берді.
ЖББ меңгерушісі Т.Ә.Мақсұт, қытай тілі пәнінің мұғалімі Б.Сылямат, әдіскер Т.А.Ильясова байқаудың әділ төрелігін беріп, студенттердің еңбегін бағалады.
Байқау нәтижесі бойынша 1-орынды УИЯ 23-2 тобы жеңіп алды. 2-орын ПД 23-5 тобы иеленсе, 3-орын АІ 23-1 тобына берілді. Сондай-ақ қатысушыларға жүлделі орындардан бөлек, арнайы номинациялар да берілді. Атап айтсақ, «Үздік ән орындаушылары» номинациясымен АІ 23-2 тобы мадақталды. «Ұйымшыл топ» номинациясы бойынша УИЯ 23-1 тобы марапатталса, «Үздік қойылым» номинациясы бойынша ПД 23-1 тобы мадақталды.
Студенттердің байқауға деген дайындығы, көрініс қойып, ән орындауға деген ынта-ықыластары көрермендер мен ұстаздарды тәнтті етті.
В честь праздника наурыз 18.03.2024 года в стенах нашего колледжа прошло мероприятие «Қош келдің, Әз–наурыз!». Мероприятие было проведено в виде конкурса, цель которого – воспитание национальных ценностей, уважение наших традиций и обычаев. Среди первых курсов были отобраны 6 групп. Конкурс состоял из 3-этапов:
1-этап – «Традиции и обычаи». На данном этапе каждой группе в виде домашнего задания было поручено подготовить сценку на основе казахских обычаев.
2-этап – «Песнопение». Каждая группа исполнила вживую праздничную или народную песню.
3-этап – «Традиционное блюдо». Каждая группа представила национальное казахское блюдо, объяснив жюри уникальность и ценность угощения.
Оценивали старания студентов следующие жюри: заведующая отдела ООД – Т.Ә. Мақсұт, преподаватель китайского языка – Б. Сылямат, методист – Т.А. Ильясова.
По итогам конкурса почетное 1-место заняла группа УИЯ 23-2. Если 2-место заняла группа ПД 23-5, то 3-место присудили группе АІ 23-1. Помимо призовых мест, были специальные номинации. Так, номинацией «Лучшее живое выступление» награждена группа АІ 23-2. Номинация «Самая сплоченная группа» присуждена группе УИЯ 23-1. Номинацию «Лучшая сценка» выиграла группа «ПД 23-1».
Зрители и преподаватели были впечатлены готовностью учеников к участию в конкурсе, их энтузиазмом выступать и исполнять песни.