Қазақ тілін меңгеруге жеті ұсыныс

Қазақ тілі – қазақ халқының жаны. Қадыр Мырза Әлі атамыз «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп айтқан еді. Расында қазақ баласына қазақ тілін білу міндетті болмақ. Иә, міндет деп отырғанымыз қазақ болып туылған соң, қазақ тілін жетік меңгеру ол басты парыз. Алайда біздің қаракөз қыздарымыз бен ұлдарымыз өз ана тілінде жетік меңгеру емес, тіпті жалпы түсініктері де болмай жатады. Енді не істейміз? Қазақстанның болашағы жастардың қолында десек, оларды өз тілін, дінін, мәдениетін, салт-дәстүрін, тіпті қарапайым күнделікті қарым-қатынасын меңгеру қажет болады. Бұл мәселеден шығатын мынадай ұсыныстар тастап көрейін. Біріншіден, қазақ тілі сіз ойлағандай қиын емес. Ол үшін бізде қазіргі таңда қазақ тілін А1 деңгейінен бастап  С1 деңгейіне дейін меңгертетін оқулықтар жетерлік. Сол оқулықтар ана тілінде және орыс тілінде де түсіндіріледі. Яғни кез келген адам оны игеріп, өз бетінше оқып алу мүмкіндігі зор. Екінші ұсыныс – қазақ тілді орта табу. Иә, Қазақстанда тұрсақ та, сол елдің суын ішіп, ауасын жұтсақ та, өз тілімізге келгенде жұтаңдық танытамыз. Неге? Себебі отбасындағы қарым-қатынас тілі – орыс тілі. Бұл жерде орыс тілінде мүлде сөйлемеңіз деп ысырып тастамаймыз. Дегенмен үйде, отбасында қазақ тілінде қарым-қатынас құрған дұрыс деп санаймыз. Үшінші ұсыныс – қазақ тілді подкаст, ютубтан қазақ тілді кинолар, фильмдер көру тілге деген құлшынысыңызды арттырады. Төртінші ұсыныс – қателесуден қорықпаңыз. Қателесу деп отырғаным, қазір «қазақ тілінде бір нәрсе айтсам, жұрт маған күледі, мазақтайды» деген ойдан аулақ болу қажет. Сонда ғана сіздің ойыңызда тілге деген құлшынысыңыз арта түседі. Бесінші ұсыныс – кітап оқу. Ата-бабаларымыз: «Артық білім кітапта» деген еді. Сондықтан кітап оқу арқылы өз тіліңіздің қандай бай, көркем, әуезді екеніне көз жеткізесіз. Егер сіздің деңгейіңіз А1, А2 деңгейде болса, қазақ тілді шағын кітаптар, әңгіме, тіпті ертегілерден бастауыңызға болады. Алтыншысы ұсыныс – қазақ тілді әуендерді тыңдау. Қазіргі таңда біздің жас әншілеріміз қазақ тілінде, жаңаша бағытта түрлі әуендер шығарып жатыр. Әуендерді тыңдау арқылы әрі тіліңізді дамытасыз, әрі жан дүниеңізге үңілесіз. Жетінші ұсыныс – қазақ тілінде soyle.kz, tilmedia, www.balatili.kz сайттарына кіріп, қазақ тілін игеру мүмкіндігіңіз бар. Тіл білімінің атасы, қазаргі қазақ тіліндегі терминдердің түп негізін қалыптастырған А.Байтұрсынұлы: «Тілі жоғалған ұлттың, өзі де жоғалады» деген екен. Сондықтан тіл жанашыры ретінде сіздерге осындай ұсыныстар айтқым келді.

Автор: Т.Б.Құлынтаева

Колледж KILC в PNU

Лучшие страны для обучения за рубежом

Студенты KILC в Корее Обучение за рубежом становится всё более популярным среди студентов со всего мира. Выбор страны для обучения играет ключевую роль в формировании академического и профессионального будущего. В

Какие экзамены нужны для поступления за рубеж?

Для тех, кто стремится получить образование за границей, важно понимать, какие экзамены необходимо сдавать для поступления в зарубежные вузы. В данной статье мы рассмотрим ключевые международные экзамены и расскажем о

Роль производственной практики в профессиональном становление студентов колледжа KILC

В данной статье раскрывается роль учебной и производственной практик, как важного этапа в рамках учебного процесса, так как именно он позволяет молодому специалисту утвердиться, повысить свой профессиональный уровень, научиться налаживать