KILC халықаралық колледжінің 3 жылдық тегін оқу грантына байқау

Байқау 5 кезеңнен тұрады: алғашқы 4 кезең онлайн, ал 5-кезең оффлайн форматта өтеді. Қазақстан Республикасындағы мектептердің, гимназиялардың және лицейлердің 9-сынып оқушылары қатыса алады. Байқау жеңімпазы — KILC колледжінде 3 жыл тегін оқу мүмкіндігіне ие болады.Тіркеу онлайн тестілеуден өту арқылы жүргізіледі (сілтеме кейін жарияланады).

Байқаудың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

Талантты, белсенді, креативті және білімге құштар абитуриенттерді анықтап, оларға тегін білім алуға мүмкіндік беру.

Міндеттері:

— Мотивация, сыни ойлау және шығармашылықты бағалау

— Күшті студенттік қауымдастық қалыптастыру

— Жас жетістіктері бар жастарды қолдау


3.2. Байқау комиссиясының құрамына колледж әкімшілігінің өкілдері, ағылшын тілі пәнінің оқытушылары, маркетинг бөлімінің басшысы және бренд-менеджер кіреді.

3.3. Байқау өткізу мерзімі: 2025 жылғы 19 мамыр – 4 тамыз аралығы.

3.4. Өзекті жаңалықтар, материалдар және тіркеу сілтемесі келесі ресурстарда жарияланады:

4. Байқау кезеңдері

1-кезең — Онлайн тестілеу (тіркеу)

📅 Уақыты: 2025 жылғы 19 мамыр – 15 маусым
🖥 Формат: Онлайн тест, сілтеме бойынша — https://forms.gle/kqem5J9uvBe7vGew7
📌 Мазмұны: сыни ойлау, сауаттылық және мотивацияға қатысты сұрақтар
📝 Бағалау: әр дұрыс жауап үшін — 1 балл
⚠️ Онлайн тестілеуден өтпеген қатысушылар келесі кезеңдерге өте алмайды.

2-кезең — Жетістіктерді растау

📅 Уақыты: 2025 жылғы 25 маусымға дейін
📎 Формат: дипломдардың, сертификаттардың, марапаттар мен анықтамалардың фотосуреттерін немесе скан көшірмелерін жіберу

🎯 Ескерілетін жетістіктер:

  • Олимпиадалар мен байқауларға қатысу немесе жеңіс
  • Волонтерлік қызмет
  • Спорттық жетістіктер (КМС/МС)
  • Халықаралық бағдарламаларға немесе алмасу жобаларына қатысу

👩‍💼 Кім тексереді және тіркейді:

  • Барлық құжаттарды қабылдау комиссиясының менеджері тексереді
  • Құжаттарды WhatsApp арқылы қабылдайды
  • Түпнұсқалықты, жарамдылық мерзімін және іс-шара деңгейін тексереді
  • Қатысушылар тізіміне енгізеді
  • Ішкі шкалаға сәйкес балл береді:
Жетістіктер Балл
Халықаралық5 балл
Республикалық 4 балл
Қалалық / облыстық 3 балл
Мектепішілік1–2 балл
КМС / МС6 балл

3-кезең — «Мен неге KILC грантына лайықпын?» бейнеролик

📅 Мерзімі: 2025 жылғы 10 шілдеге дейін
🎬 Формат: 1,5 минутқа дейінгі көлденең бейне, Full HD, таза дыбыспен

📌 Бағалау критерийлері:

  • Мазмұн мен мағына
  • Сенімділік пен энергетика
  • Түсірілім сапасы
  • Шынайылық пен мотивация

4-кезең — Видеоны жылжыту

📅 Мерзімі: 2025 жылғы 25 маусым – 28 шілде
📈 Бағалау:

  • Лайктар мен пікірлер саны

🏆 Финалға 10 қатысушы өтеді, оларда лайк пен пікір саны тең болуы тиіс (мысалы: 150 лайк + 150 пікір)

🚫 Накрутқа тыйым салынған!
❗️ Накрут белгілері:

  • Боттар мен накрут қызметтерін қолдану
  • Статистиканың күрт өсуі
  • Лайк пен қаралым санының сәйкес келмеуі
  • Әртүрлі аккаунттардан бірдей пікірлер

📌 Накрут анықталған жағдайда — қатысушы байқаудан шеттетіледі

5-кезең — Финалдық тапсырма

📅 Мерзімі: 2025 жылғы 31 шілде
📽 Формат: Ағылшын тілінде оффлайн-презентация

📝 Тақырып:
“I in 5 Years: Who I Became, What I Learned, and What I Remember from KILC”
(«Мен 5 жылдан кейін: кім болдым, не үйрендім және KILC-тен не есте қалды»)

👥 Бағалау комиссиясы:

  • 3 ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
  • Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары

📊 Бағалау жүйесі:

  • Әр қазылар мүшесі 5 критерий бойынша балл қояды
  • Бір қазының ең жоғары ұпайы — 25 балл
  • Жалпы ұпай — 125 балл
КритерийБалл (0–5)
Сөйлеудің анықтығы мен логикасы0–5
Ағылшын тіліндегі сауаттылық0–5
Идеяның бірегейлігі0–5
Шынайылық пен эмоцияның берілуі0–5
Сенімділік және аудиториямен байланыс0–5

5. Байқау өткізу мерзімдері

КезеңКүндері
1Өтінімдерді қабылдау және онлайн тест19 мамыр – 25 маусым
2Жетістіктерді растау25 маусымға дейін
3Видеоролик25 маусым – 10 шілде
4Видеоны ілгерілету және финалистерді іріктеу25 маусым – 28 шілде
5Жеке тапсырма31 шілде
6Жеңімпазды жариялау4 тамыз

7. Қорытынды

7.1. Байқау ашықтық, теңдік және әділдік қағидаттарына негізделген.
7.2. Ұйымдастырушы қатысушылардың материалдарын (бейне, презентациялар, фотосуреттер) жарнамалық және білім беру мақсаттарында пайдалануға құқылы.

⚖️ Егер екі қатысушы бірдей балл жинаса, не болады?
Егер финалдық кезеңде екі немесе одан көп қатысушы бірдей жоғары ұпай жинаса, жюри қосымша ретінде алдыңғы кезеңдерден жинаған баллдарын есепке алады.

📌 Маңызды:
Алдыңғы кезеңдердегі (тест, жетістіктер, бейнеролик, ілгерілету) баллдар тек тең нәтиже болған жағдайда ғана ескеріледі.
Негізгі шешуші фактор — финалдық презентация үшін жюри берген баға.

❌ Кімдер байқауға қатыса алмайды?

  • KILC колледжінің қазіргі студенттері (оқу формасына қарамастан)
  • Мектепті өткен жылдары аяқтаған түлектер
  • 10–11 сынып оқушылары
  • Кез келген кезеңде қажетті құжаттарды толық тапсырмағандар

✅ Қатыса алатындар — тек Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлерінің және гимназияларының 2025 жылы 9-сыныпты аяқтайтын оқушылары.

🌍 Егер мен басқа қалада тұрсам, қатыса аламын ба?
Иә! Байқауға Қазақстанның кез келген өңірінен қатысуға болады.

  • 1–4-кезеңдер — онлайн форматта
  • 5-кезең — тек оффлайн, Астана қаласында өткізіледі
  • Жол және тұру шығындары — финалистің өз есебінен

🧩 Кейбір кезеңдерді өткізіп жіберуге бола ма?
Жоқ. Әр кезеңге қатысу міндетті.
Кез келген кезеңді өткізіп жіберу — байқаудан автоматты түрде шығару.

📊 Әр кезең қалай бағаланады?

  • Әр кезеңнің өз бағалау жүйесі мен балл шкаласы бар
  • Бағалауды колледж қызметкерлері, ағылшын тілі оқытушылары және ұйымдастыру тобы жүргізеді
  • Финалда тек жюри бағасы ескеріледі, ал алдыңғы кезеңдердегі баллдар тек тең нәтиже болса ғана қолданылады

🎬 Бейнероликте қателессем, қайта жіберуге бола ма?
Иә. Дедлайнға дейін видеоны жаңарту немесе ауыстыруға болады.
Дедлайннан кейін жаңартылған файлдар қабылданбайды.

Отчет об участии студентов KILCв городской олимпиаде по естественно-математическому направлениюсреди организаций технического и профессионального образования г. Астаны

28 апреля 2025 года прошла городская олимпиада среди студентов организаций технического и профессионального образования по естественно-математическому направлению. Казахстанский Международный Лингвистический Колледж представил 5-студентов на олимпиаде, трое из которых добились призовых мест, продемонстрировав высокий

Гранты в KILC

Конкурс на получение образовательного гранта от Международного колледжа KILC на 3 года обучения

Конкурс проводится в 5 этапов: первые 4 проходят онлайн, финальный 5-й — в офлайн-формате. К участию в конкурсе приглашаются мотивированные учащиеся 9-х классов школ, гимназий и лицеев Республики Казахстан. Победитель

Расписание Progress Test: II семестр

Уважаемые студенты! Публикуем расписание Progress Test на II семестр. Пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с датами и временем проведения тестов, чтобы успешно подготовиться.